ҚРҰБ ставкасы 20.04.2024
USD: 447.4 RUB: 4.76
Сайт мәзірі

Сипаттама

2 454 354
көлемі тоннамен
122 млрд.
айналым теңгемен
1 539
мәмілелер
саны
60
сауда
құралдары
349
қатысушылар
саны

ТАУАРЛАР

 

Сауда нысанасы сұйытылған көмірсутекті газ, сұйытылған бутан көмірсутекті газ, сұйытылған пропан көмірсутекті газ, пентан-гексан фракциясы, бензиндер, дизель отыны, мазут, авиациялық керосин, пеш отыны, кокс болып табылады.

 

Жеткізу шарттары EXW, DAP, FCA, DAP, CPT, DDP (Incoterms 2010).

 

Егер тауар бойынша биржалық құралдың спецификациясында өзгеше айтылмаса, өтінімдердегі тауардың көлемі 1 метрикалық тоннаның еселігі болуға тиіс.

 

Тауарлардың кодтар беру тәртібі

 

Қосарланған қарсы аукцион режимінде жеткізу шарттары бар спецификациясы

 

Бензин

Дизель отыны

Авиациялық керосин

Шайырлар

 

Сауда-саттықты өткізу кезеңдері:

Сауда-саттықты Биржа демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын өткізеді.

 

Сауда күні Биржада сауда-саттық өткізілетін күн болып саналады.

 

Сауда сессиясы 10: 00 - ден 17: 00-ге дейін өтеді.

 

ЭҚА бойынша биржалық есептер 17:30-дан 18:00-ге дейін таратылады.

 

Алматы уақыты.

 

 

МӘМІЛЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ

 

Тәуекел менеджменті

 

ЕСЖ клирингтік орталығы қауіпсіздікті, биржалық мәмілелерді орындау тәуекелдерін төмендетуді қамтамасыз ететін және тауар нарығына қатысушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған клирингтік қызметтерді ұсынады.

 

Биржалық мәмілелер жасасу және олар бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру схемасы.

 

Биржалық мәмілелер биржалық сауданың келесі режимдерінде өткізілетін биржалық сауда-саттық барысында жасалады: стандартты аукцион режимі, қосарланған қарсы аукцион режимі. Қосарланған қарсы аукцион (ҚҚА) режимінде және стандартты аукцион режимінде өткізілетін биржалық мәмілелер міндетті түрде биржалық қамтамасыз етуді енгізу арқылы жүргізіледі.

 

ҚҚА режиміндегі биржалық мәмілелер - бұл сауда-саттық түрі, онда мәміле тараптары клирингтік орталығына биржалық қамтамасыз етуді аударуы қажет, оның мөлшері Сатушы үшін де, Сатып алушы үшін де бірдей. Осылайша, тараптардың қатысу шарттары теңестіріледі.

 

Әрі қарай, Сатушы мен Сатып алушы бір - бірін білмей, сауда-саттыққа қатысады, олар белгілі бір тауар түріне, мысалы, бидайға өз бағаларын қояды. Тараптар тауардың сипаттамаларын біледі: жеткізу партиясының минималды көлемі, ылғалдылық, глютеннің массалық үлесі, сондай - ақ жеткізу шарттары, астық қабылдау кәсіпорындары (АҚК) және басқалар. Сатушы мен Сатып алушы белгілеген оңтайлы бағаға қол жеткізген кезде сауда жүйесінде мәміле жасалады.

 

 

Мәміле жасалған сәттен бастап бір күн ішінде Тараптар Шартқа қол қояды және оны клирингтік орталыққа ұсынады. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Сатушы 3 күн ішінде мәміле бойынша толық төлемді клирингтік орталыққа – мәмілені орындаудың кепілі ретінде аударуға міндеттенеді. Бұл сатып алушының және сатушының құқықтары қорғалуы үшін қажет. Толық төлем клирингтік орталыққа түскеннен кейін сатушыға бидайды жөнелтудің басталуы туралы 7 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге хабарлама қалыптастырылады. Дәл осы мерзімде бидайды жөнелту жүзеге асырылуы тиіс, оның расталуы Тараптар клирингтік орталыққа ұсынатын түпнұсқа астық қолхаттарын қабылдау-беру актілері болады.

 

Сатушы мен Сатып алушы Клирингтік орталыққа Тараптардың міндеттемелерді орындауы туралы және мәміле бойынша толық төлемді Сатушының банктік шотына аудару туралы хаттар жібереді. Клирингтік орталық Шарттың мерзімдері мен талаптарының сақталуын бақылауды, сондай-ақ тараптар ұсынған барлық құжаттарды мұқият тексеруді жүзеге асырады. Барлық құжаттар дұрыс ресімделіп, мерзімінде берілген кезде сатушыға ақша аударылады. Клирингтік орталық сатып алушыға Сатушының банктік шотына ақша аудару туралы хабарлама қалыптастырады және жібереді.

 

Биржалық сауда-саттық қорытындылары бойынша есептеулерді мәміле тараптары Клирингтік орталықты айналып өтіп, тікелей жүргізе алады.

 

Алайда, Клирингтік орталықтың қатысуымен биржалық сауда-саттықты өткізу тіркелген мәмілелер бойынша міндеттемелерді жедел есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, мәміле тараптарының міндеттемелерді орындауына кепілдік береді, сондай-ақ тауарларды сатып алу/сату кезінде кредиттік тәуекелдерді айтарлықтай төмендетеді.