ҚРҰБ ставкасы 19.04.2024
USD: 448.89 RUB: 4.76
Сайт мәзірі

Клиринг орталығы туралы

slide-birja.jpg

«ЕСЖ клиринг орталығы» ЖШС (БСН: 090840000906) (ЕСЖ КО) 2009 жылғы 03 тамызда құрылды, "Еуразиялық Сауда Жүйесі" Тауар биржасы" АҚ (ЕСЖ биржасы) еншілес ұйымы болып табылады.

ЕСЖ КО Қазақстан Республикасының заңнамасына, ЕСЖ биржасының және ЕСЖ КО ішкі нормативтік құжаттарына, 2012 жылғы 31 қазандағы клирингтік қызмет көрсету туралы Шартқа сәйкес, ЕСЖ биржасының сауда секцияларында жасалатын биржалық мәмілелерге, есептік-клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

ЕСЖ КО қызметтерін пайдалана отырып, саудаға/клирингке қатысушылар ЕСЖ биржасында өткізілетін сауда-саттықты қамтамасыз ету және мәмілелерді орындау үшін бірқатар қосымша жеңілдіктер алады.

Клирингтік орталықтың есеп айырысу ұйымы – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.

«ЕСЖ клиринг орталығы» ЖШС (ЕСЖ КО) басқару органдары:

  1.       EСЖ КО қатысушылардың жалпы жиналысы:
«Еуразиялық Сауда Жүйесі» Тауар биржасы» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және тіркелген (Алматы қаласы Әділет департаментінде тіркелген, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік № 95460-1910-АО (ИУ) 09.12.2008 ж., БСН № 081240005976), Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Достық даңғылы, 136, «Пионер» бизнес орталығы мекенжайында орналасқан. Дауыс саны – 74,9%

  «Stock Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласы Әділет департаментінің Бостандық ауданының Әділет басқармасында 2018 жылғы 03 мамырда құрылған және тіркелген, БСН 180540003205, заңды мекенжайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., көш. Пирогов, 30 ғимарат. Дауыс саны – 25,1%.

  2.       ЕСЖ КО Бас директорының м.а. Ахтырская Наталья Александровна 16.10.2022 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін.

  Ахтырская Наталья Александровна, 1974 жылы 15 наурызда Ресей Федерациясы, Калининград қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Алматы есеп және несие техникумын, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Нарық институтын бітірген.

  Осы жылдар ішінде «КРАМДС Банк» ААҚ, «AlmaPreede» БК, «Агроцентр» ЖШС (Алматы, Астана), «Алтын-Бидай» ЖШС, «Май» АҚ (Өскемен қ.), «Жәрдем Агро» агроөнеркәсіптік инвестициялық компаниясы» ЖШС (Өскемен қ.), «Астана-Холдинг ВК» ЖШС, «Астана-Бизнес» ЖШС, «Керемет кеңсесі» ЖШС (Алматы) және «Қазақ-Тәжік астық компаниясы» ЖШС (Алматы) компаниялар тобында жұмыс істеді.

  2014 жылдан бастап ЕСЖ компаниялар тобында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта "Еуразиялық Сауда Жүйесі" Тауар биржасы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып табылады.