2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2024 жылдың қаңтарында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің – бензин, дизель отыны және авиациялық отынын сауда сессияларын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 2 795 тонна мөлшерінде 21 мәміле жасалды.
Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:
1) АИ-92 маркалы бензині - 1 235 тонна көлемінде 9 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 12 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 183 907,08 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 37,4 мың тонна деңгейінде бекітілген);
2) АИ-95 маркалы бензині - 195 тонна көлемінде 2 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 7 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 235 736,98 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 8,8 мың тонна деңгейінде бекітілген);
3) авиациялық отын – 130 тонна көлемінде 2 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 406 907,07 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 5,6 мың тонна деңгейінде бекітілген);
4) дизель отыны – 1 235 тонна көлемінде 8 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 19 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 262 757,98 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 33,1 мың тонна деңгейінде бекітілген);
ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, қаңтарда 2024
Тауардың атауы |
Жеткізу шарты |
Орташа өлшенген бағасы, теңге |
Өзгеріс |
Бензин АИ-92 |
FCA |
183 907,08 |
▼ - 2,5% |
Бензин АИ-95 |
FCA |
235 736,98 |
▼ - 2,1% |
Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын |
FCA |
406 907,07 |
▼ - 1,5% |
Дизель отыны |
FCA |
262 757,96 |
▼ - 0,7% |