2024 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗДА ЕСЖ БИРЖАСЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

01.04.2024

2024 жылдың наурызында ЕСЖ Биржасы мұнай өнімдерінің келесі түрлері – бензин, дизель отыны және авиациялық отын бойынша сауда сессияларын ұйымдастырды. Биржалық сауда-саттықта мұнай өнімдерімен жалпы көлемі 2 600 тонна мөлшерінде 23 мәміле жасалды.

Мұнай өнімдерінің түрлері бойынша көрсеткіштері келесідей қалыптасты:

1)      АИ-92 маркалы бензині - 975 тонна көлемінде 11 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 9 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 193 600,89 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 22 мың тонна деңгейінде бекітілген);

2)      АИ-95 маркалы бензині - 195 тонна көлемінде 2 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 3 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 243 839,04 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 4,6 мың тонна деңгейінде бекітілген);

3)      авиациялық отын – 130 тонна көлемінде 2 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 1 сатушы мен 1 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 373 333 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 3,5 мың тонна деңгейінде бекітілген);

4)      дизель отыны – 1 300 тонна көлемінде 8 мәміле жасалды, сауда-саттыққа 2 сатушы мен 9 сатып алушы қатысты, орташа өлшенген бағасы тоннасына 279 458,69 теңге деңгейінде қалыптасты (жеткізу жоспары бойынша тауар биржалары арқылы өткізу көлемі 17,6 мың тонна деңгейінде бекітілген);

ЕСЖ Биржасы биржалық тауарлардың баға белгіленімдері: мұнай өнімдері, наурызда 2024

Тауардың атауы

Жеткізу шарты

Орташа өлшенген бағасы, теңге

Өзгеріс

Бензин АИ-92

FCA

193 600,89

▲+5,3%

Бензин АИ-95

FCA

243 839,04

▲+3,4%

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын

FCA

373 333,00

▼ -8,3%

Дизель отыны

FCA

279 458,69

▲+6,4%