МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК БАЗАЛАРЫНДА МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
"ЕСЖ "тауар биржасы" АҚ мұнай өнімдерінің өңірлік базаларын (мұнай базасы) жеткізу базаларында мұнай өнімдерімен биржалық сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды.
Мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығы өңірлік мұнай өнімдері базаларының базистерінде қосарланған қарсы аукцион режимінде күн күн сайын 2024 жылғы 03 сәүрден бастап 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізілетін болады.
Тауардың коды және атауы:
1) DSDEXF6 - Жазғы дизель отыны ДТ-Л-K4, "ПМХЗ" ЖШС өндірісі, EXW жеткізу шарттары "Өскемен" мұнай базасы;
2) DSDEXZ1 - Жазғы дизель отыны ДТ-Л-K4, "ПМХЗ" ЖШС өндірісі, EXW жеткізу шарттары «AST Terminal» мұнай базасы;
3) DSDEXZ2 - Жазғы дизель отыны ДТ-Л-K4, "ПМХЗ" ЖШС өндірісі, EXW жеткізу шарттары "Тұмар Мұнай Ресурсы" мұнай базасы;
4) D3DEXF6 - АИ-92 бензині, "ПМХЗ" ЖШС өндірісі, EXW жеткізу шарттары "Өскемен"мұнай базасы;
5) D3DEXZ1 – АИ-92 бензині, "ПМХЗ" ЖШС өндірісі, EXW жеткізу шарттары «AST Terminal» мұнай базасы;
6) D3DEXZ2 - АИ-92 бензині, "ПМХЗ" ЖШС өндірісі, EXW жеткізу шарттары "Тұмар Мұнай Ресурсы" мұнай базасы.
Тауар көлемі: 600 тонна.
Сауда - саттыққа сатушылар тарапынан мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілер, ал сатып алушылар тарапынан-мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушылар және түпкілікті тұтынушылар қатысады ("Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV Заңының 21-бабының 4-тармағына сәйкес).
Биржалық сауда-саттықтың негізгі шарттарының бірі "ЕСЖ клирингтік орталығы" ЖШС биржалық мәмілесінің орындалуын сүйемелдеу болып табылады. "ЕСЖ клирингтік орталығы" ЖШС банктік шоты арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда тауарды 100% алдын ала төлеу, бұл кепілдендірілген төлемді және тауарды жеткізуді қамтамасыз етеді.
Тауарды жеткізудің растайтын сатушы мен сатып алушы қол қойған тауарға арналған ілеспе жүкқұжаттарды (ЖIЖ) болып табылады (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды және олардың құжат айналымын ресімдеу қағидаларының талаптарына сәйкес).
Биржалық қамтамасыз етудің мөлшері мәміленің болжамды сомасының 1% мөлшерінде айқындалған, жеткізу шарттары – EXW мұнай өнімдерінің өңірлік базасының базисі.
Сауда құралының спецификациясы ЕСЖ биржасының сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған: https://ets.kz/documents/dokumenty-razdela-nefteprodukty/torgovye-instrumenty-npz-maloy-moshchnosti/.
Мұнай өнімдері саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтеме бойынша ұсынылған: https://ets.kz/kz/markets/oil_products/members/
Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:
- мұнай өнімдері саудасы секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасау;
- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕСЖ Клиринг орталығында сауда шотының кодын ашу;
- оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;
- брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру.
Мұнай өнімдерінің өңірлік базаларын жеткізу базистері:
1. |
«AST Terminal» мұнай базасы |
Астана қ., Байқоңыр ауданы, С 349 көшесі, 9А ғимарат |
2. |
"Тұмар Мұнай Ресурсы" мұнай базасы |
Астана қ., 101 к-сі, 43 үй |
3. |
"Өскемен" мұнай базасы |
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Путевая көшесі 1/20 |