Announcements

ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫМЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫҢ КЕСТЕСІН ӨЗГЕРУІ ТУРАЛЫ

13.03.2023

"ЕСЖ "тауар биржасы" АҚ 2023 жылғы 14, 17, 24, 30, 31 наурызға Астана қ. уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін белгіленген дизель отынын өткізу жөніндегі бұрын жарияланған сауда сессияларын ауыстыру туралы хабарлайды.

Сауда-саттық күнін кейінге ауыстыру себебі: бекітілген сауда құралдары бойынша екі аптадан астам биржалық сауда-саттық өткізілмеген мұнай өнімдерінің базалық бағалар деңгейін уәкілетті органмен келісу қажеттілігіне байланысты (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 204-тармағының негізінде).

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына 2023 жылғы наурызға жеткізу жоспары бойынша дизель отынын өткізу жөніндегі сауда сессиялары:

 2023 жылғы 17 наурызда Астана қ. уақыты бойынша 11:00-ден 12:00-ге дейін өтеді;

2023 жылғы 24 наурызда Астана қ. уақыты бойынша 11:00-ден 12:00-ге дейін өтеді;

2023 жылғы 27  наурызда Астана қ. уақыты бойынша 10:00-ден 11:00-ге дейін өтеді;

2023 жылғы 30 наурызда Астана қ. уақыты бойынша 11:00-ден 12:00-ге дейін өтеді;

2023 жылғы 31 наурызда Астана қ. уақыты бойынша 11:00-ден 12:00-ге дейін өтеді;