ҚРҰБ ставкасы 18.04.2024
USD: 448.89 RUB: 4.76
Сайт мәзірі

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

13.03.2023

«FB Capital» ЖШС биржалық брокері өз клиенттерінің мүддесі үшін биржалық тауар – жазғы дизель отыны және бензин сауда-саттығын қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізеді.

Тауардың коды және атауы:

DSDDDNB – Жазғы дизель отыны, жеткізу шарттары – DDP,  Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Байкенже кенті;

DSDDDNS- Жазғы дизель отыны, жеткізу шарттары – DDP, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті;

DSDDDTT - Жазғы дизель отыны, жеткізу шарттары – DDP, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Тайконур кенті;

DSDDDTU - Жазғы дизель отыны, жеткізу шарттары – DDP, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Тәукент кенті, ПВ-5 өнеркәсіптік базасы;

DSDDDTZ - Жазғы дизель отыны, жеткізу шарттары – DDP, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдер ауылы;

D3DDNB - АИ-92 бензині, жеткізу шарттары – DDP, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Байкенже кенті;

D3DDDNS- АИ-92 бензині, жеткізу шарттары – DDP, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті;

D3DDDTT - АИ-92 бензині, жеткізу шарттары – DDP, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Тайконур кенті;

D3DDDTU - АИ-92 бензині, жеткізу шарттары – DDP, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Таукент кенті;

D3DDTZ - АИ-92 бензині, жеткізу шарттары – DDP, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдер ауылы.


Тауар көлемі: 2 987 473 литр.

Сауда-саттықты өткізу кезеңі: 2023 жылғы 17 наурыздан бастап Астана қ.уақыты бойынша 10:00-ден 17: 00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өткізілмесе, онда сауда-саттық тапсырыс берушінің сауда-саттықты жою туралы шешімі немесе жеткізушілер тарапынан жабылғанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді.

Сауда құралының спецификациясы ЕСЖ биржасының сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған: https://ets.kz/documents/dokumenty-razdela-nefteprodukty/4-torgovye-instrumenty-zakupki-nedropolzovateley-v-rezhime-dva/

Мұнай өнімдері саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтеме бойынша ұсынылған: https://ets.kz/kz/markets/oil_products/members/

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

- мұнай өнімдері саудасы секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасау;

- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕСЖ Клиринг орталығында сауда шотының кодын ашу;

- оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;

«Бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м. а. 2022 жылғы 21 тамыздағы № 278 бұйрығымен мына сілтеме бойынша танысуға болады http://zan.gov.kz/client/#! / doc / 170780 / rus.