ҚРҰБ ставкасы 09.05.2026
USD: 461.26 RUB: 6.18
Сайт мәзірі

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІМЕН САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

01.04.2025
FB Capital» ЖШС биржалық брокері өз клиенттерінің мүддесі үшін биржалық тауар  битум мұнай жол 70/100 сауда-саттығын қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізеді.

Тауардың коды және атауы:
DADE17Q-битум мұнай жол 70/100 "QazaqBitum Processing" ЖШС, жеткізу шарттары EXW мұнай базасы "QazaqBitum Processing".
Тауар көлемі: 1000 тонна.

Сауда-саттықты өткізу кезеңі:2025 жылғы 07, 08, 11, 17, 23 сәуірден бастап Астана қ.уақыты бойынша 14:00-ден 15: 00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өткізілмесе, онда сауда-саттық Тапсырыс берушінің күшін жойғанға немесе өнім берушілер тарапынан жабылғанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді.

Сауда құралының спецификациясы ЕСЖ биржасының сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған: 

hhttps://ets.kz/documents/dokumenty-razdela-nefteprodukty/torgovye-instrumenty-npz-maloy-moshchnosti/bitum-neftyanoy-dorozhnyy/

Мұнай өнімдері саудасы секциясының брокерлері туралы мәліметтер мына сілтеме бойынша ұсынылған: https://ets.kz/kz/markets/oil_products/members/

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

- мұнай өнімдері саудасы секциясының аккредиттелген брокерімен брокерлік қызмет көрсету шартын жасау;

- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕСЖ Клиринг орталығында сауда шотының кодын ашу;

- оған биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету сомасын енгізу;

«Бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м. а. 2022 жылғы 21 тамыздағы № 278 бұйрығымен мына сілтеме бойынша танысуға болады http://zan.gov.kz/client/#! / doc / 170780 / rus.