ҚРҰБ ставкасы 24.04.2024
USD: 444.32 RUB: 4.76
Сайт мәзірі

БИТУММЕН БИРЖАЛЫҚ САУДА-САТТЫҚТЫ АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

10.03.2023

«ЕСЖ» тауар биржасы» АҚ 2023 жылғы 13, 14, 15, 16, 17 наурызда Астана қ. уақыты бойынша сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін белгіленген жол битумын өткізу жөніндегі бұрын жарияланған сауда сессияларын ауыстыру туралы хабарлайды.

Сауда-саттық күнін кейінге ауыстыру себебі: бекітілген сауда құралдары бойынша екі аптадан астам биржалық сауда-саттық өткізілмеген мұнай өнімдерінің базалық бағалар деңгейін уәкілетті органмен келісу қажеттілігіне байланысты (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 204-тармағының негізінде).

Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жеткізу жоспары бойынша 2023 жылғы наурызға арналған жол битумын өткізу жөніндегі сауда сессиялары 2023 жылғы 15, 16, 17, 20, 24 наурызда Астана қ.уақыты бойынша 15:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.