Announcements

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

13.01.2023

«FB Capital» ЖШС биржалық брокері өз клиенттерінің мүддесі үшін қосарланған қарсы аукцион режимінде биржалық тауар – қысқы дизель отынының сауда-саттығын өткізеді.

Тауардың коды және атауы:

DSDDDTA – Жазғы дизель отыны, DDP жеткізу шарттары, Түркістан облысы;

DRDDDT2 – Қысқы дизельді отыны - 25 С, жеткізу шарттары: DDP (INCOTERMS 2020) 610000000, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы;

DRDDDT3 – Қысқы дизельді отыны - 35 С, жеткізу шарттары: DDP (INCOTERMS 2020) 610000000, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы.

Тауар көлемі: 819 тонна.

Сауда-саттықты өткізу кезеңі: 2023 жылғы 19 қаңтардан бастап Астана қ. уақыты бойынша 10:00-ден 17: 00-ге дейін. Егер сауда-саттық бірінші күні өткізілмесе, онда сауда-саттық тапсырыс берушінің сауда-саттықты жою туралы шешімі немесе өнім берушілер тарапынан жабылғанға дейін келесі жұмыс күндері өтеді.

Сауда құралдарының бекітілген ерекшеліктерімен ЕСЖ биржасының сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://ets.kz/documents/dokumenty-razdela-nefteprodukty/4-torgovye-instrumenty-zakupki-nedropolzovateley-v-rezhime-dva/

ЕСЖ Биржасының аккредиттелген брокерлерінің тізбесі келесі сілтеме бойынша ұсынылған: https://ets.kz/kz/markets/oil_products/members/

Биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін:

- биржалық қамтамасыз етуді есепке алу үшін ЕСЖ клиринг орталығында сауда шотының кодын ашу;

- биржалық сауда-саттық күнінің алдындағы күні Астана қ. уақыты бойынша сағат 17:00-ге дейін биржалық қамтамасыз ету шотқа сомасын енгізу;

- брокерлік қызмет көрсету шарты жасалған брокерге клиенттік бұйрық беру.

«Бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м. а. 2022 жылғы 21 тамыздағы № 278 бұйрығымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/170780/kaz