Announcements

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН САТУҒА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША САУДА СЕССИЯСЫ

30.03.2023

«ЕСЖ» тауар биржасы» АҚ мұнай өнімдерін сатушылардың сұранысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция Министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген биржалық сауда қағидаларының 205-тармағына сәйкес 2023 жылғы 07 сәуірде Астана қ. уақыты бойынша 14:00-ден 15-00-ге дейін қосымша сауда сессиясының өткізілетіні туралы хабарлайды (2023 жылғы наурызға арналған мұнай өнімдерін жеткізу жоспары бойынша - АИ-92, АИ-95 маркалы бензині). Сауда-саттық келесі сауда құралы бойынша өткізіледі:

D3DE1ЕА - «АМӨЗ» ЖШС өндірген АИ-92 бензині, жеткізу шарттары – FCA Теңдік станциясы – 260 тонна;

D6DE1SP - «ПМХЗ» ЖШС өндірген АИ-95 бензині, жеткізу шарттары – FCA Павлодар-порт станциясы – 975 тонна;

D6DE1TO - «ПҚОП» ЖШС өндірген АИ-95 бензині, жеткізу шарттары – FCA Текесу станциясы – 390 тонна;

Мәлімет үшін:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 294-НҚ бұйрығымен бекітілген биржалық сауда қағидаларының 205-тармағына сәйкес – «қосымша сауда сессиясының қорытындылары бойынша мұнай өнімі бағасының қалыптасқан деңгейі негізгі сессиялар үшін базалық бағаны айқындау үшін негізгі болып табылмайды».