Бейсенбі, 19.10.2017 05:55

8 800 080 05 05
+7(727)244 57 80

 Баспа үшін нұсқа

ЕТС-Тендер электронды сауда-саттық алаңындағы бірінші жұмыс күндерінде ірі қазақстандық өндірушілер сатып алу ресімдерін жариялады

2017 жылдың 27 шілдесінде Қазақстанда ЕТС қазақтандық Топтар мен B2B-Center – Ресей корпоративтік электронды сатып алу жетекшісінің бірлескен жобасы – "ЕТС-Тендер" жаңа сауда-саттық алаңы ресми басталды.

 "ЕТС-Тендер" электронды сауда-саттық алаңындағы бірінші жұмыс күндерінде  "Galanz Bottlers" АҚ сусын өндірушісінен, "ЕЛКОС (ELCOS)" ЖШС электр жабдықтар өндірушісінен, "Алатау Құс" АҚ құс фабрикасынан (ет, шұжық және жұмыртқа өндірісі) және медицина материалдарын өндіретін "Dolce" ЖШС сауда-саттық ресімдері жарияланды.

Таяу күндері "Lemonadoff Food" ЖШС, "Сентрас Иншуранс" Сақтандыру компаниясы" ЖШС  сусын өндірушілер және басқа ірі қазақстандық сатып алушылар сияқты жүйенің тіркелген қатысушыларынан сатып алу хабарландыруы күтіледі. Қазіргі уақытта Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украина сияқты төрт елден келген 300 астам жеткізушілер мен тапсырыс берушілер тіркелді.

ЕТС Тауар биржасының Басқарма Төрағасы Құрмет Оразаев: Біз халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және әділ бағаларды қалыптастыруға көмектесетін бәсекеге қабілетті сауда-саттық және клирингтік сервистердің толық жиынын Қазақстанның толық жиынын Қазақстанның тауар нарығының қатысушыларына ұсынатын өз миссиясын көреміз. Біздің ЕТС-Тендер жүйесін пайдалану  кез-келген биржалық емес тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді өзекті нарық бағасы бойынша сату немесе сатып алу үшін бірнеше қарапайым, тәжірибелік және тиімді әрекеттерді жасау мүмкіндігін береді. Біз ЕТС-Тендер тез арада қазақстандық компаниялардың сатып алу-сату мәмілелерін жасаудың күнделікті құралы болады деп есептейміз. Бірінші нәтижелер үміттендіреді және біз күннен күнге жүйеге тіркелген қатысушылардың саны өсетінін көреміз" деді.

B2B-Center бас директоры Алексей Дегтярев: "Сатып алуды электронды нысанға аудару жалпы Қазақстанның жеке компаниялары мен бизнесін дамытудың жаңа ынтасы болады. Біздің тәжірибеміз бойынша, электронды алаңда тапсырыс беруші сатып алу бюджетінен 20% дейін үнемдеуге қол жеткізеді. Бұл онлайн-сауда-саттықта әлеуетті жеткізушілердің ашық және адал бәсекелестік арқасында өтеді. Өз кезегінде, сатып алудың қатысушылары қажеттіліктері туралы интернет-алаңда тез білетін жаңа клиенттердің тапсырысына кіру рұқсатын алады".

2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жеткізушілер үшін арнайы төлемін өндірусіз сауда-саттықта өткізуге қатысуға мүмкіндік беретін жеңілдік кезеңі әрекет етеді. ЕТС-Тендер қазақстандық жеткізушілер мен тапсырыс берушілер үшін оқытушы семинарлар мен вебинарлар сериясын өткізуді жалғастырады. Семинарлар мен вебинарларға Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Шымкент, Петропавл, Өскемен, Рудный сияқты Қазақстанның қалаларын қамтумен 120 астам компания өкілдері қатысты. 

B2B-Center жауап беретін технологиялық бөлікті әзірлеу үшін "ЕТС-Тендер" (www.ets-tender.kz) платформасы бағаны төмендетуге классикалық аукциондардан көп өлшемді сатып алуларға дейін сатып алу ресімдерінің барлық шоғырын өткізуді қамтамасыз етеді. Жүйенің икемділігі қызмет ерекшеліміне сәйкес алаңды бағыттауға, сондай-ақ тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алу және сауда-саттыққа қатысу бойынша сатып алу қызметін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

 

Анықтама үшін:

B2B-Center – корпоративтік сатып алуға арналған Ресейдегі ірі электронды сауда-саттық алаңы. 2017 жылы елімізде бірінші рет сауда-сатып алу қызметін тиімді басқару үшін бұлттық сервис әзірлеген компанияларға 15 жыл толады. Осы уақытта алаңда жалпы сомасы 9,6 трлн.рубльден жоғары 822 000 сауда-саттық ресімдері өткізілді. Жүйе қатысушыларының саны әлемнің 100 астам елдерінен 326 000 компаниядан асады. B2B-Center-де  "ИНТЕР РАО" ӨАҚ,  "Росатом" МК, "АВТОВАЗ" ЖАҚ, "Уралвагонзавод" ҰӨК" АҚ, "Россети" ӨАҚ, "Мечел" ӨАҚ, "Біріккен авиақұрылыс корпорациясы" ӨАҚ, "РусГидро" ӨАҚ, "Силовые машины" ӨАҚ, "Зарубежнефть" АҚ, "КАМАЗ" ӨАҚ, ГАЗ Тобы, "УАЗ" ЖШҚ, "ЧТПЗ" ӨАҚ, "Кордиант" ӨАҚ, "Т Плюс" ӨАҚ, "МегаФон" ӨАҚ, "ВымпелКом" ӨАҚ, Tele2, "Мираторг" АӨШ және т.б. ірі ресей компанияларының сатып алуларын өткізеді.

"Еуразиялық Сауда-саттық Жүйесі" Тауар биржасы ("ЕСЖ" Тауар биржасы) 2008 жылы құрылған. Бірінші сауда-саттық 2009 жылдың наурызында өтті. "ЕСЖ" Тауарлық биржасы биржалық тауарлардың спот сауданы өткізуге бағдарланған. Сауда-саттық қатысушылары – өнімнің соңғы тұтынушылары, қазақстан және халықаралық брокерлер. Биржа делдалдық топтарды жою жолымен ұйымдастырылған көтерме нарықтың даму, сауда операцияларының айқындылығын арттыру, сыртқы және ішкі сауда-саттық саласында мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру мақсатына құрылған. Биржада ауыл шаруашылық өнімдері, мұнай өнімдері, металл және өнеркәсіп тауарлары, мамандандырылған тауарлап сияқты топ сауда-саттықтың төрт секциялары жұмыс істейді.

 

Баспасөз қызметі:

тел.: +7 727 244 44 55 ішкі 7409,

call-centre: 8 800 080 05 05 (Қазақстан бойынша тегін)

e-mail: grigoryeva@ets.kz;press@ets.kz

ЕСЖ жаңалықтар
05.09.17 Қазақстандағы электрондық коммерция: жаңа "ЕТС-Тендер" сауда алаңының алғашқы нәтижелері
03.08.17 Агроинфо аграрлық газеті: ірі қазақ өндірушілерді жариялады электрондық сауда алаңы ETS-тендерлік сатып алу рәсімдерін ерте күндері
01.08.17 ЕТС-Тендер электронды сауда-саттық алаңындағы бірінші жұмыс күндерінде ірі қазақстандық өндірушілер сатып алу ресімдерін жариялады
10.07.17 Қазақстанда жеңілдіктері бар жаңа электронды сауда алаңы жұмысын бастайды
23.06.17 ЕЭК қарсаңында қуат қорларының ортақ нарығын қалыптастыру үшін биржалық сауда сұрақтарын ұйымдастыру жөнінде отырыс өткізілді
31.05.17 ЕТС тобы мен B2B-Center Қазақстан Республикасында электрондық коммерцияны дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
30.05.17 ЕТС Биржасы акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысы өтті
17.04.17 ЕСЖ 2017 жылдың I тоқсанының қорытындысын жүргізеді
11.04.17 Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату секциясы бойынша 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап 14 сәуіріне дейінгі ETS саудасына қорытынды жасалды
Барлық жаңалықтар
Сopyright © ЕСЖ Тауар биржасы, 2008-2017 жыл. Осы сайтта орналасқан барлық ақпараттар және талдамалы материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қорғалған. Барлық ақпараттардың пайдаланылуы, таратылуы және жариялануы "ЕСЖ Тауар биржасының" алдын ала жазбаша рұқсатымен жүзеге асады.
Rambler's Top100

Яндекс.Метрика
Байланыс орталығы (Сall-center): Алматы үшін 244-44-55, 8-800-080-05-05 Қазақстан бойынша тегін.
Телефон: +7 727 244-5780, Факс: +7 727 244-5779. E-mail: ets@ets.kz
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Достық даңғылы 136, "Пионер 3" Бизнес орталығы