Сәрсенбі, 28.06.2017 16:25

8 800 080 05 05
+7(727)244 57 80

 Баспа үшін нұсқа

ЕСЖ 2017 жылдың I тоқсанының қорытындысын жүргізеді

"Еуразиялық сауда жүйесі" тауар биржасы" (ЕСЖ) АҚ-да 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы споттық нарықтың барлық секциялары бойынша жалпы биржалық айналым 24,4млрд теңгеге жетті. Сол жылдың бірінші тоқсанында 1 191 мәміле жасалды.

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы ЕСЖ негізгі үш секциялары бойынша сауда көлемінің үлестік ара салмағы төменде көрсетіледі:



Мәмілелер көлемінен ең жоғары үлеске – 63 %-ды ақшалай эквивалентте мамандандырылған тауарларды сату секциясы ие болды. Тауар айналымының көлемінен төрттен бір бөлігін ауыл шаруашылық өнімдерімен жасалған мәмілелер құрады. 12 пайыздық үлеске металдар мен өнеркәсіптік тауарларды сату секциясы ие болды.

Секциялар бойынша мәмілелер санының үлестік ара салмағы төменде көрсетіледі:


(1 191 мәміле 24,6 млрд теңге; Мамандандырылған тауарларды сату секциясы – 808 мәміле 68%; Ауыл шаруашылық өнімдерін сату секциясы – 27 мәміле 2%; Металдар мен өнеркәсіптік тауарларды сату секциясы – 356 мәміле 30%)

Мәмілелердің ең жоғары саны мамандандырылған тауарларды сату секциясы бойынша жасалды – 808 дана, осы секция бойынша мәмілелердің жалпы үлесі  68%-ды құрады. ЕСЖ-де мәмілелер үлесінің үштен бірі металдар мен өнеркәсіптік тауарларды сату секциясы бойынша жасалды, жалпы саны - 356 дана. 2%-дан артық мәмілелер ауыл шаруашылық өнімдерін сату секциясында жүргізілді.

Мамандандырылған тауарларды сату секциясы:

Қаралған тоқсандағы ЕСЖ негізгі биржалық айналымы мамандандырылған тауарларды сату секциясында болып шықты – 15,6 млрд теңге сомасына 808 мәміле. 2017 жылдың І-ші тоқсанында жасалған мәмілелер саны өткен кезеңінің көрсеткішінен 6,6 %-ға артты. Ақшалай эквиваленттегі мәмілелер көлемі 2016 жылдың IV-ші тоқсанындағы деңгейге қарағанда 77 %-ға көбейді.

 

Ауыл шаруашылық өнімдерін сату секциясы:

2017 жылдың I тоқсанындағы қорытынды бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін сату секциясындаастыққа (бидай, арпа) 6,2млрд теңгеден артық сомаға мәмілелер жасалып, ЕСЖ-дегі жалпы айналымның 25 %-ын құрады. Заттай көріністегі айналым сол жылдың қаңтар-наурыз айларында дәнді дақылдардың 121,9 мың тоннасынан асты.

Бидай:

ЕСЖ-дегі сауда көлемінің 25 %-ын ауыл шаруашылық өнімдерін сату секциясы құрады.

Сонымен бірге, секцияның жалпы айналымынан 94 %-ы немесе 5,7 млрд теңге 3-ші және 4-ші сұрыптағы бидайдан түсті.

 

2017 жылдың І тоқсанында франко-элеваторда жеткізу базисімен 3-ші сұрыптағы бидай жөнінде жасалған биржалық мәмілелердің орташа өлшемді бағасы 1 метрлік тоннаға 45 638 теңге құрап, өткен тоқсандағы орташа өлшемді бағасынан 2,2 %-ға төмен болды.

CPT жеткізу шартындағы 3-ші сұрып бидайының бағасы сол жылдың басында метрлік тоннаға 77579 теңгеге тең келді.

DDP жеткізу шартындағы 3-ші сұрып бидайының орташа өлшемді бағасы сол жылдың қаңтар-наурыз айларында 1 метрлік тоннаға 58444теңгеге тең келді.

DAP жеткізу шартындағы (Достық ст., Қазақстан-Қытай) 3-ші сұрып бидайының бағасы есепті кезеңде метрлік тоннаға  56 193 теңгеге сатылды.

DAP жеткізу шартындағы 4-ші сұрып бидайы сол жылдың бірінші тоқсанында метрлік тоннаға  56 193  теңгеге сатылды.                                  

Арпа:

Ауыл шаруашылық өнімдерін сату секциясы бойынша сауда көлемінің 5 %-ы арпа бойынша жүзеге асты.

EXW жеткізу шартымен 2-ші сұрыптағы арпаның бағасы сол жылдың қаңтар-наурыз айларында тоннасына 30 000 теңгені құрады.

FOB (Қара теңіз)жеткізу шартыменспирт өндірісінде уыт өндіруге арналған арпа бағасы метрлік тоннаға 52 993 теңгеге жетті.

 

Металдар мен өнеркәсіптік тауарларды сату секциясы:

Металдар мен өнеркәсіптік тауарларды сату секциясы бойынша сауда көлемі сол жылдың қаңтар-наурыз айларында 2,8 млрд теңгеден асты, әртүрлі атаудағы цемент жөнінде мәмілелер ақшалай көріністе жалпы мәмілелер көлемінің 95 %-н немесесекция бойынша тауарларды жеткізудің физикалық массасынан 90 %-ды құрады.

2017 жылдың бірінші тоқсанында ЕСЖ-де цемент саудасының жалпы биржалық айналымы 2,7 млрд теңгеге жетіп, 2016 жылдың төртінші тоқсанына қарағанда 3 %-ға өсті. 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында 351-ші мәмілені жасау нәтижесі бойынша тауардың физикалық массасы189,6 мың тоннаны құрап, өткен тоқсаннан заттай көріністе тауар айналымын 23 %-ға артты. Кезеңнің қорытындысы бойынша 2016 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда цементтің негізгі маркаларының орташа өлшемді бағасының өзгеруі байқалды.

 

Сол жылдың бірінші тоқсанында ірі құм, ұсақталған тастар мен КСН маркасындағы көмір жөнінде мәмілелер жасалды. Осы тауарлар тобы жөнінде жасалған мәмілелер көлемі 155 млнтеңгеден арттыжәнетеңгеде жасалған жалпы мәмілелер көлемінен 6%-н кемін құрады. Ең көп үлесті көмір жөніндегі мәмілелер құрады.

Цемент:

Цементтің барлық маркалары бойынша орташа өлшемді бағасы 1 тоннаға 13 980,7 теңгені (2016 жылдың IV-тоқсанына қарағанда цементтің барлық маркалары бойынша орташа өлшемді бағасы 17 %-ға төмен) құрады.

Көмір:

Сол жылда DDP (Алматы облысы) жеткізу шартымен КСН маркасындағы көмірдің орташа өлшемді бағасы  1 метрлік тоннаға8 044 теңгені құрады. EXW жеткізу шартымен осы марканың бағасы өткен жылдың соңында метрлік тоннаға 2 050 теңгеге тең болды.

Ұсақталған тастар:

DDP (Шығыс Қазақстан облысы) шартыменұсақталған тастың бағасы сол жылда 1 тоннаға 7 072 теңгені құрап, 2016 жылдың қазан-желтоқсан айларында ұсақталған тастардың қалыптасқан ұқсас бағасынан 70%-ға артты.

Құм

DDP (Шығыс Қазақстан облысы) шартымен ірі құм бағасы 1 тоннаға 3 551 теңгені құрап, өткен тоқсанға қарағанда 5,3 %-ға төмен болып саналды.


 

ЕСЖ жаңалықтар
23.06.17 ЕЭК қарсаңында қуат қорларының ортақ нарығын қалыптастыру үшін биржалық сауда сұрақтарын ұйымдастыру жөнінде отырыс өткізілді
31.05.17 ЕТС тобы мен B2B-Center Қазақстан Республикасында электрондық коммерцияны дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
30.05.17 ЕТС Биржасы акционерлерінің жылдық Жалпы жиналысы өтті
17.04.17 ЕСЖ 2017 жылдың I тоқсанының қорытындысын жүргізеді
11.04.17 Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату секциясы бойынша 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап 14 сәуіріне дейінгі ETS саудасына қорытынды жасалды
11.04.17 "Еуразиялық сауда жүйесі" тауар биржасында 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап 14 сәуіріне дейін мамандандырылған тауарларды сату секциясы бойынша сауда қорытындысы жасалды
11.04.17 Металдар мен өнеркәсіптік тауарларды сату секциясы бойынша 2017 жылдың 10 сәуірінен бастап 14 сәуіріне дейінгі ETS саудасына қорытынды жасалды
08.04.17 Ауыл шаруашылығы өнімдерін сату секциясы бойынша 2017 жылдың 3 сәуірінен бастап 7 сәуіріне дейінгі ETS саудасына қорытынды жасалды
08.04.17 "Еуразиялық сауда жүйесі" тауар биржасында 2017 жылдың 3 сәуірінен бастап 7 сәуіріне дейін мамандандырылған тауарларды сату секциясы бойынша сауда қорытындысы жасалды
Барлық жаңалықтар
Сopyright © ЕСЖ Тауар биржасы, 2008-2017 жыл. Осы сайтта орналасқан барлық ақпараттар және талдамалы материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сай қорғалған. Барлық ақпараттардың пайдаланылуы, таратылуы және жариялануы "ЕСЖ Тауар биржасының" алдын ала жазбаша рұқсатымен жүзеге асады.
Rambler's Top100

Яндекс.Метрика
Байланыс орталығы (Сall-center): Алматы үшін 244-44-55, 8-800-080-05-05 Қазақстан бойынша тегін.
Телефон: +7 727 244-5780, Факс: +7 727 244-5779. E-mail: ets@ets.kz
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Достық даңғылы 136, "Пионер 3" Бизнес орталығы